- Барлық ақпарат
Сиань қаласында 11-інші «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалі ашылды
23 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қыркүйек күні кешке Шэньси өлкесінің Сиань қаласында 11-інші «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалі ашылды. Ағымдағы кинофестиваль барысында «Алтын Жібек жолы сыйлығы» марапаты, фильмдер көрсетілімі, кинофорумдар, «Жібек жолы» фильмдерімен алмасу сияқты тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Биылғы кинофестивальге әлемнің 136 елі мен аймағынан 2065 туынды «Алтын Жібек жолы» сыйлығын іріктеуге қатысты. Шараға қатысқан фильмдердің саны тарихтағы ең көп межеге жетті. Қат-қабат саралаудан кейін 24 фильм үздік деп танылып, соңғы іріктеуге жіберілді. 25 қыркүйекте кинофестивальдің жабылу рәсімі өтеді. Сол кезде 10 марапат жарияланады.
Биылғы кинофестиваль «Өзбекстан-Самарқанд кино апталығы», «Қытай-Франция дипломатиялық қатынастарының 60 жылдығы -арнайы көрсетілім» сияқты іс-шараларды қамтиды. Кино жанкүйерлері үшін дербес таңдалған 120-дан астам қытайлық және шетелдік бірегей кинотуындылар 15-25 қыркүйек аралығында Сиань қаласының 17 театрында көрсетіледі. Сонымен қатар, онлайн-скринингтік платформа 150-ден астам отандық және шетелдік бірегей фильмдерді ұсынып, көрермендер тегін көре алады.
Бұдан сырт, Сиань қаласы кинофестиваль кезінде көптеген мәдени туристік іс-шаралар ұйымдастырды.
people.cn © People's Daily Online