Си Цзиньпин еліміздегі ұстаздар қауымы мен тәрбиешілерді кәсіби мерекемен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 қыркүйек
Си Цзиньпин еліміздегі ұстаздар қауымы мен тәрбиешілерді кәсіби мерекемен құттықтады

10 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық білім беру конференциясы Бейжіңде 9-10 қыркүйек күндері өтті. Конференцияға Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин қатысып, маңызды баяндама жасады.

10 қыркүйек - еліміздегі қырқыншы Мұғалімдер күні мерекесі. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің атынан Си Цзиньпин елдегі барлық мұғалім мен тәрбиешілерге мерекелік құттықтау жолдап, шын жүректен сәлемдесті.

Ол мұғалімдердің саяси мәртебесін, әлеуметтік мәртебесін және кәсіби мәртебесін көтеру, мұғалімдердің жалақысының кепілдігін күшейту, бастауыш және орта мектеп мұғалімдерінің жасына байланысты жәрдемақы деңгейін арттыру, ауыл мұғалімдерінің тұрмыс көмек қаражаты саясатын жүзеге асыру және жетілдіру, жоғары мектептердегі еңбекақы жүйесін реформалауды ілгерілету қажеттігін атап өтті.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото