V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны мәресіне жетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 қыркүйек
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны мәресіне жетті

Қазақстанның елордасы Астана қаласында ұйымдастырылған 5-інші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті деп жазды ҚазАқпарат.

8-13 қыркүйек күндері өткен көшпенділер Олимпиадасына 90-ға жуық мемлекеттен 2500-ден астам спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Енді 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді. Қазақстан ДКО символы – торсықты Қырғызстанға табыстады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото