Шыңжаң экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесу үшін дрондармен жаңбырды күшейтетін үш өлшемді операцияларды жүргізді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қыркүйек

4 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Қытайдың Метеорологиялық басқармасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының Байынбұлақ таулы аймағында бұлт физикасын анықтау жабдығымен жабдықталған үлкен және орташа өлшемді дрон аппараттарын пайдаланып, бұлт құрылымын анықтау және жауын-шашынды арттыру операцияларын жүргізді. Сондай-ақ әуедегі бұлттық су ресурстарын игеру арқылы жергілікті экологиялық ортаны үздіксіз жақсартты.

Қытай Метеорологиялық басқармасының ауа райына жасанды әсер ету орталығының Техникалық зерттеулер басқармасы директорының орынбасары Цай Мяоның айтуынша, үлкен дронның ұзындығы 10,5 метр, биіктігі 3,1 метр, қанаты 20,2 метрге жетеді. Максималды ұшу уақыты 40 сағат, максималды көтерілу шегі 10 000 метр және толық жүктеме кезінде максималды ұшу қашықтығы 8 000 шақырым.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото