Күн егу

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 14 тамыз

14 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 15 тамызы, күн ұясынан көтерілгенде Шыңжаңның Құмыл қаласы Аратүрік ауданында 14 500 дана гелиоста жарқырап, бейне күміс күнбағыс теңізіне ұқсайды.

Гелиостаттың шағылысу бұрышын теңшеу арқылы, Құлпырған тәсілмен «Қытайымды сүйемін» және «көрікті Шыңжаң» деген жазуды көрсетіп, еліміздің бірінші ұлттық экология күнін құттықтады.

Бұл Құмылдағы балқытылған тұз мұнарасы типті фототермиялық электр станциясы.

Бұрын бұл ара құм тозаңның асытндағы қағыр дала болатын. Ал қазір жаңа энергетика саласы аясында бұл шөл дала өміршеңдікке толып, бейне көкпенбек шалқар мүхит сияқты, үздіксіз жасыл және таза электр қуатымен қамтамасыз етіп жатыр.

Бұл 50 мегаватт балқытылған тұз мұнарасы типті фототермиялық электр станциясы, 6600 акр аумақты алып жатыр,көлемі 600-ден астам стандартты футбол алаңына тең. Ол 24 сағат бойы үздіксіз электр энергиясын өндіре алады. Ол дәстүрлі фотоэлектрлік электр энергиясын өндіру принципінен өзгеше. Айналаңызға қараңыз,аспанмен бой тірескен конустық мұнара,14 500 бесбұрышты гелиостаттар,неше айналып қатарымен тізілген. күн сәулесін шағылыстыру арқылы мұнарадағы балқытылған тұзды қыздырады және жылу энергиясын электр энергиясына айналдырады. Ол жыл сайын мөлшермен 200 миллион градусқа жуық таза электр энергиясымен қамдап, бір жыл ішінде 240 000 адамды электр қуатымен қамтамасыз ете алады,жылына 62000 тонна стандартты көмірді үнемдеуге тең. Көмір жағу нәтижесінде пайда болатын күкірт қостотығы шығарындыларының жыл сайынғы төмендеуі шамамен 61,9 тоннаны құрады. Азайған күйе шамамен 19,8 тонна болды.

Шыңжаң жаңартылатын энергия көздерін өндіруде айтарлықтай жетістіктерге жетіп қана қалмай, және барлық өндіріс тізбегінің тез қалыптасу жағында айтарлықтай нәтижеге жетті. Монокристалды кремний шыбықтарын өндіруден, фотоэлектрлік электр станцияларын салу және пайдалануда, Шыңжаң жаңа энергетика және онымен байланысты салалардың үйлесімді дамуына ықпал етіп, жаңа энергияның толық өнеркәсіптік тізбегі қалыптасты. Сонымен бірге Шыңжаң еліміздің маңызды батыстың электрын шығысқа тасымалдау энергия стратегиялық орналастыруының маңызды базасының бірі ретінде Шыңжаң жаңа энергетикалық электір өндіруге кепілдік беріп электр энергиясын сәтті өндіріп, дұрыс жіберіп, және тиімді пайдаланды. Шыңжаң аймақтан тыс жерлерге электр энергиясын тасымалдау арналарын кеңейтіп, және нарықтық механизмдерді жетілдіріп, Көптеген жасыл және таза энергияны елдің барлық жеріге жеткізді.

Шөлдер мен қағыр далалар жасыл электр теңізіне айналып Шыңжаңның жаңа энергетикасы көптеген жасыл электрлерімен неше мыңдаған отбасыларын нұрландырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)

Фото